«Бизнес және туризм» факультетінің оқытушылары мемлекеттік бюджет, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру және Erasmus+ халықаралық бағдарламасы аясында ғылыми жобаларды жүзеге асыруда. Зерттеулер өңірлік экономиканы тұрақты дамыту, цифрлық трансформация, жасанды интеллект, жасыл экономика, ESG, туризм және қонақжайлылық индустриясына бағытталған.
Ағымдағы жобалар:
- «Цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу жағдайында агроөнеркәсіптік кешендегі цифрлық құзыреттер мен адами капиталды дамыту»
- BR21882382 «Skills Technology Foresight әдісі негізінде Қазақстан өңірлерінің жаңа мамандықтар мен құзыреттер атластарын әзірлеу»
- «ҚР агроазық-түлік жүйесін басқарудың интеграцияланған AI-платформасын әзірлеу»
- «Қазақстанның экономикалық кеңістігінің тұтастығын нығайтудың стратегиялық басымдықтарын және өңірлік диспропорциялар картасын әзірлеу»
- «Қытай және өзге де Шығыс елдері дереккөздеріндегі көне түркі топонимдері – қазіргі түркі интеграциясының түп негіздерінің бірі»
- Erasmus+ бағдарламасы аясындағы Learning mobility for higher education students and staff жобасы



