Стартап-марафон – 2026

Маңғыстау облысы студенттері арасында «Стартап-марафон – 2026» байқауы өтті

📅 Қараша 2026•📍 Yessenov University

Yessenov University «Бизнес және туризм» факультеті «Экономика және қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы студенттері арасында «Стартап-марафон – 2026» байқауы өтті.

Іс-шара Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық пәні аясында ұйымдастырылып, студенттердің кәсіпкерлік қабілеттерін дамытуға, инновациялық идеяларын қолдауға, стартап жобаларын әзірлеу дағдыларын қалыптастыруға және жастар арасында кәсіпкерлік мәдениетті кеңінен насихаттауға бағытталды.

📊 Сандармен

Байқауға университеттер мен облыстық колледждердің студенттері қатысып, жалпы саны 67 команда өз жобаларын ұсынды. Іріктеу кезеңінен өткен 24 команда финалда бизнес-жобаларын қорғап, өз идеяларының әлеуетін таныстырды. Сонымен қатар қатысушылар көрмеге қатысып, әзірлеген жобалары мен тың бастамаларын көпшілік назарына ұсынды.

🚀 «Стартап-марафон – 2026» жастардың шығармашылық және кәсіпкерлік әлеуетін ашуға, жаңа идеялардың дамуына жол ашуға және студенттер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Осындай бастамалар жас кәсіпкерлердің қалыптасуына және өңірдегі инновациялық ортаның дамуына серпін береді.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like