2026 жылғы 9 қазанда 6B04103 – «Экономика» және 6B04109 – «Қаржы нарықтары және корпоративтік бизнес» білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттеріне «Финансовая аналитика бизнеса» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді.
Сабақты «Экономика және қаржы» кафедрасының оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Абдешов Д.Д. жүргізді.
Сабақ мазмұнды әрі интерактивті форматта ұйымдастырылды. Студенттердің білімін бекіту мақсатында сұрақ-жауап әдісі қолданылып, «Балық қаңқасы» (Fishbone) әдісі арқылы тақырыпқа қатысты сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар практикалық есептер шығарылып, студенттердің теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану дағдылары жетілдірілді.
Мұндай ашық сабақтар білім беру сапасын арттыруға, заманауи оқыту әдістерін тиімді пайдалануға және теориялық білімді практикалық дағдылармен ұштастыруға мүмкіндік береді.



