«Бизнес және туризм» факультетінің оқытушылары мемлекеттік бюджет, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру және Erasmus+ халықаралық бағдарламасы аясында ғылыми жобаларды жүзеге асыруда. Зерттеулер өңірлік экономиканы тұрақты дамыту, цифрлық трансформация, жасанды интеллект, жасыл экономика, ESG, туризм және қонақжайлылық индустриясына бағытталған.

Ағымдағы жобалар:

  • «Цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу жағдайында агроөнеркәсіптік кешендегі цифрлық құзыреттер мен адами капиталды дамыту»
  • BR21882382 «Skills Technology Foresight әдісі негізінде Қазақстан өңірлерінің жаңа мамандықтар мен құзыреттер атластарын әзірлеу»
  • «ҚР агроазық-түлік жүйесін басқарудың интеграцияланған AI-платформасын әзірлеу»
  • «Қазақстанның экономикалық кеңістігінің тұтастығын нығайтудың стратегиялық басымдықтарын және өңірлік диспропорциялар картасын әзірлеу»
  • «Қытай және өзге де Шығыс елдері дереккөздеріндегі көне түркі топонимдері – қазіргі түркі интеграциясының түп негіздерінің бірі»
  • Erasmus+ бағдарламасы аясындағы Learning mobility for higher education students and staff жобасы

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like