Бизнес және туризм факультеті

Факультет тарихы

Академик Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті — Маңғыстау өңіріндегі 45 жылдық тарихы бар көпсалалы жоғары оқу орны. Университет отандық білім беру жүйесінде өзіндік орны мен дәстүрін қалыптастырып, өңірдің жоғары білім, ғылым және мәдениет орталығына айналды. Осы оқу орнының ірі құрылымдарының бірі — «Бизнес және туризм» факультеті.

Даму кезеңдері

1992

«Атом-энергетикалық» факультетінің негізі қаланып, оның құрамында «Экономика, өндірісті басқару және ұйымдастыру» кафедрасы жұмысын бастады. Факультет деканы — профессор Н.Р. Садықов, кафедра меңгерушісі — экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.М. Осипова. Алғашқы оқытушылар: Г. Осипова, Н. Ахметов, А. Глушков, Г. Давлетова, Г. Жолдасбаева, А. Аққайсиева, К. Саханова, Л. Юрина және басқалар.

1999

Факультет «Инженерлік-техникалық» факультет болып қайта құрылып, экономикалық бағыттағы кафедралар «Өндірісті ұйымдастыру және басқару» және «Экономика және менеджмент» болып екіге бөлінді.

2001

«Экономика және менеджмент» кафедрасы мен Қазақ Академиялық университетінің Ақтау филиалының бірігуі нәтижесінде «Экономика және құқық» факультеті құрылды. Құрамында «Экономика», «Менеджмент» және «Құқықтану» кафедралары жұмыс істеді. Алғашқы деканы — Г.Ө. Жолдасбаева.

2005–2012

Факультет «Экономика және құқық институты» ретінде қызмет атқарып, бірнеше жаңа мамандықтар ашылды. Кафедралар кеңейтіліп, «Қаржы», «Есеп және аудит», «Халықаралық қатынастар» бағыттары бөлініп шықты.

2013

Құрылым қайта жаңғыртылып, факультет «Экономика және құқық» факультеті ретінде жұмысын жалғастырды.

2018–2019

Факультет «Бизнес және құқық» факультеті атауын иеленді.

2025–2026

Университеттің академиялық құрылымын жетілдіру және білім беру бағыттарын жаңарту мақсатында факультет қайта құрылып, қазіргі «Бизнес және туризм» факультеті болып қалыптасты.

Бүгінгі факультет

Бүгінде факультет экономика, менеджмент, қаржы, туризм, кәсіпкерлік және мемлекеттік басқару салалары бойынша бәсекеге қабілетті мамандар даярлайды. Оқыту бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлері бойынша жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламалары еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкес тұрақты түрде жаңартылып, тәжірибеге бағытталған және құзыреттілікке негізделген тәсілдермен толықтырылып келеді.

Жаңалықтар