2009 жылдан бері жоғары білім беру жүйесінде жұмыс істейді. Негізгі бағыттары — туризмнің тұрақты дамуы, жоғары білімді интернационалдандыру, халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім берудегі менеджмент. Ғылыми қызығушылығы — туризмді ұлттық құндылықтар арқылы ілгерілету.
Сіздерді Yessenov University-дің «Бизнес және туризм» факультетінің ресми парақшасынан көргенімізге қуаныштымыз!
Біздің факультет – сапалы білім мен кәсіби дамуды, заманауи технология мен практикалық тәжірибені ұштастыратын, болашақ мамандардың жаңа идеялары мен бастамаларына жол ашатын білім беру ортасы.
Факультетімізде білім алушылар еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттар бойынша білім алып, кәсіби құзыреттерін қалыптастырады. Атап айтқанда, экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржы, есеп және аудит, маркетинг, туризм және басқа да заманауи бағыттар бойынша білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады.
Біздің басты мақсатымыз – тек дипломы бар маман емес, өз саласын терең меңгерген, жауапкершілігі жоғары, креативті ойлайтын, өзгерістерге бейім және қоғам дамуына үлес қоса алатын бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
Сондықтан факультетте теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды дамытуға, ғылыми ізденіске, академиялық адалдыққа, халықаралық байланыстарға, кәсіпкерлік бастамаларға және студенттердің жан-жақты дамуына ерекше мән береміз.
Біз үшін әр студент – жеке тұлға. Оның қабілетін ашу, кәсіби бағытын айқындауына көмектесу, жаңа мүмкіндіктерге жол көрсету және өз күшіне сенім қалыптастыру – факультетіміздің маңызды міндеттерінің бірі.
Егер сіз өз болашағыңызды бизнес, экономика, басқару, қаржы, маркетинг, мемлекеттік басқару немесе туризм салаларымен байланыстырғыңыз келсе, «Бизнес және туризм» факультеті сіздің кәсіби жолыңызды бастауға мүмкіндік беретін орта. Біз сіздерді жаңа білімге, үлкен мүмкіндіктерге және жарқын болашаққа бірге қадам басуға шақырамыз!
Yessenov University – білім, мүмкіндік және болашақ тоғысқан орта. «Бизнес және туризм» факультеті – сіздің жаңа мүмкіндіктеріңіз басталатын мекен!